Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Жетісу облысының Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында «К» және «A» жауапкершілігі шектеулі серіктестектеріне су электр станциясының құрылысын жүргізу үшін 2014 жылы 5 жер учаскесі берілген.

Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру кезінде жалпы көлемі 221 гектарды құрайтын жер учаскелерінің берілген уақыттан бастап мақсатына сәйкес пайдаланылмағандығы анықталды.

Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Департаментпен тиісті іс-шаралар жүргізілді. Алайда, ЖШС тарапынан нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Жетісу облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешімі шықты.