Абай облысында мемлекеттің жерін өз бетінше иемденгені үшін Жеке шаруашылық серіктестігі 1 млн.теңгеден аса айыппұл төледі

Абай облысында мемлекеттің жерін өз бетінше иемденгені үшін Жеке шаруашылық серіктестігі 1 млн.теңгеден аса айыппұл төледі

Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 

Нәтижесінде ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі жер учаскесін өз бетінше пайдалану фактісі анықталды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағын бұзғаны үшін ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 292 200 теңге сомасында айыппұл төледі.

Сондай-ақ Департаментпен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес өз бетінше иеленген жер учаскесін қайтаруды талап ету үшін материалдар жергілікті атқарушы органға жолданды.