Ақтау қаласы аумағынан жалпы көлемі 36 га жуық жер учаскелері мәжбүрлі түрде қайтарып алынды 

Ақтау қаласы аумағынан жалпы көлемі 36 га жуық жер учаскелері мәжбүрлі түрде қайтарып алынды 

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бақылау мен қадағалау субъектісіне (обьектісі) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау барысында Жер Кодексінің 48-бабы талаптарының сақталмағандығы анықталды.

Кадастрлық (бағалау) құны –646,1 млн.теңгені құрайтын 3 жер учаскесі (35,5985 гектар) қала әкімдігімен заңсыз табысталған.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 2 тамыздағы шешімімен Департаменттің жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арызы қанағаттандырылды. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.