
Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Ақтөбе қаласының орталық саябағында орналасқан, көлемі 1,4 га жер учаскесі жеке кәсіпкерге заңсыз берілгені анықталды. Прокуратура органдарымен Департаменттің заң аясында қабылдаған шараларының аясында жер телімі сотпен мемлекетке қайтарылды.
Бұл өз кезегінде қалалық саябақтың жасыл аймағын сақтап қалуға, сондай-ақ, қала тұрғындары үшін ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы бірлескен іс-қимыл мемлекеттік органдардың тиімді әрекеттестігін көрсете отырып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай туғызу, сонымен қатар, қоғамдық аумақтарды пайдалану кезінде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын айқындайды.