Петропавл қаласы тұрғындарының құқықтары қалпына келтірілді

Петропавл қаласы тұрғындарының құқықтары қалпына келтірілді

Солтүстік Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті келіп түскен өтініш негізінде Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органымен қабылданған шешімнің заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Нәтижесінде жер учаскесі жеңіл үлгідегі дүкенді орналастыру үшін, яғни ҚР Жер кодексінің 109-бабын бұза отырып берілгендігі анықталды. 

Қаланың Бас жоспарына сәйкес жер учаскесінде жалпы пайдаланымдағы жасыл желектердің аумағы көзделген. 

ҚР Жер кодексінің 26-бабына сәйкес елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы аумақтар алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Анықталған бұзушылықтар сот тәртібімен жойылды. Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласы әкімдігінің заңсыз қабылданған қаулысы негізінде жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды. 

Сондай -ақ облыстың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Шешім заңды күшіне енді.