Жеке шаруашылық серіктестігі жерді өз бетінше иеленіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жеке шаруашылық серіктестігі жерді өз бетінше иеленіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының талабы негізінде «К» ЖШС-не қатысты, гидроэлектро құрылғылары объектілерінің астында орналасқан жер учаскелерін пайдалану заңдылығы бойынша, жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Нәтижесінде Серіктестіктің 5 объектісі мемлекеттік меншік жерлерінде орналасқаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабының 10 тармақшасының нормалары бұзылғанын көрсетеді, яғни жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттарсыз жер учаскесiн пайдаланған. Серіктестік аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,38 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүнгі күні айыппұлдар қысқартылған тәртіппен өндірілді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1 бабының талаптарына сәйкес материалдар жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға талап ету үшін жіберілді.