
Жерді ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ жер пайдаланушыға және мемлекетке жұмыс істеуге және табыс әкелуге тиіс екендігі туралы заңнама талаптарының басымдығын белгілеу мақсатында Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайта айналымға одан әрі тарту мақсатында оларды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Мәселен, республика өңірлері үшін ағымдағы жылдың соңына дейін пайдаланылмаған не заңсыз берілген жерлерді облыстардың арнайы қорларына қайтару бойынша жоспарлы көрсеткіштер белгіленді.
Мысалы Комитеттің Қостанай облысындағы аумақтық бөлімшесі пайдаланылмаған жерлерді қайтару жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Жоспарлы көрсеткіш 150 мың га болған жағдайда, бүгінгі күні 157,1 мың га пайдаланылмайтын жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылды, олар кейін конкурстық рәсімдер арқылы жаңа жер пайдаланушыларға берілетін болады.
Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Облыс соттарында 7 мың гектардан астам жерді мәжбүрлеп алу туралы шешімнің күшіне енуі күтілуде, ал жергілікті жерлерде әкімдіктер немқұрайлы жер пайдаланушылармен өздері пайдаланбайтын жерді мемлекетке ерікті түрде қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қостанай облысында тағы 20 мың гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.