
Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде Павлодар облысының оқу орнына қатысты тексеруге бастамашылық жасады.
Тексеру кезінде Павлодар облысының Аққулы ауданында орналасқан көлемі 3003,1 га жер учаскесі ұзақ уақыт пайдаланылмай келгені анықталды.
Аталған жер учаскесі агробиологиялық станция құруға арналған.
Осылайша, тексеру субъектісіне ҚР Жер кодексінің 92-бабы 3-тармағының талаптарын бұзғаны үшін 1 жыл мерзім ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 338-бабы бойынша 40 АЕК мөлшерінде айыппұл өндірілді.