
Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы маңайында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, «А» ЖШС-мен топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алу және жою фактісі анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен «А» ЖШС-не 3 млн. 692 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жер заңдылығының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқама табысталды.
Бұдан бөлек, құқық белгілейтін құжаттарынсыз мемлекет жерін заңсыз басып алу фактілері бойынша «C» және «А» ЖШС -теріне ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, жалпы сомасы 369 000 теңгеден асатын айыппұлдар өндірілді. Сонымен қатар Департаментпен бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар табысталды.