Орал қаласында көлемі 3,3340 га құрайтын коммерциялық бағыттағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Орал қаласында көлемі 3,3340 га құрайтын коммерциялық бағыттағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Арыз негізінде Батыс Қазақстан облысының  жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру  жүргізілді. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйлерді салу және оларға қызмет көрсету үшін берілген жалпы көлемі 3,3340 га жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайданылмай келгені анықталды.

Тексеріс нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 65-бабының талаптары бұзылғандығы анықталып, Департаментпен ЖШС-не бір жыл мерзімде аталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама табысталды.

Нұсқама талаптары орындалмауына байланысты Департаментпен сотқа жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып-қою бойынша талап-арызы беріліп, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. БҚО сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.