
Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен құқық белгілейтін құжаттарынсыз мемлекет жерін заңсыз басып алу фактілері бойынша үш жеке шаруашылық серіктестіктеріне қатысты тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде заң бұзушылық фактілері анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабына сәйкес Департаментпен ЖШС-не 1 750 000 теңгеден астам көлемде айыппұл өндірілді.
Сонымен қатар Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ЖШС-не тиісті нұсқамалар табысталды.
Бұдан бөлек, Департаментпен тағы екі ЖШС-не жер учаскелерін 1 жыл мерзім ішінде нысаналы мақсатына сай игеруі қажеттігі туралы нұсқама берілді. Аталған ЖШС-нің жер учаскелерінің бірі Атырау қаласында орналасқан. Көлемі 0,3046 га жер учаскесі пирс жағажай аумағын пайдалану үшін берілсе, Мақат ауданындағы көлемі 10,0 га екінші жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға берілген.
Нұсқама талаптары орындалмағандықтан Департаменпен ҚР Жер кодексінің 94 бабының негізінде сотқа жерді мәжүрлеп алып қою туралы талап арыз берілді.
Атырау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.