Қызылорда облысында құнарлы топырақты заңсыз сыдырып алғаны үшін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 1 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді

Қызылорда облысында құнарлы топырақты заңсыз сыдырып алғаны үшін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 1 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді

Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-тің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылау жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында ЖШС-гі қоршау мақсатында 3 (үш) шақырым жерде траншея қазып, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы көлемі 0,45 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бүлдіру арқылы заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. 

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 337-бабымен ЖШС-не 1 292 200 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Сонымен қатар Департаментпен ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ЖШС-не «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» орындалуға міндетті нұсқама берілді. 

Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бүлінген жерлер қалпына келтіріліп, заң бұзушылық жойылды.