Абай облысында ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалды

Абай облысында ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен Абай облысы бойынша  2024 жылға пайдаланылмайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жалпы көлемі 110,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. 

Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып атқарған жұмысының нәтижесінде 111,1 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылылды. Оның ішінде: 

- 30,5 мың га жерді ерікті түрде қайтарылды;

- 19,5 мың га Департаменттің талап арыздары бойынша сот тәртібімен мәжбүрлеп алынды;

- 15,4 мың га бұрын берілген жерлерді жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты;

- 7,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы заңсыз шығарылған шешімдердің жойылуына байланысты қайтарылды;

- 38,6 мың га басқа жолмен қайтарылды.