Павлодар облысында заңсыз берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Павлодар облысында заңсыз берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Баянауыл аудандық мәслихат депутаттарының өтініші негізінде «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не қатысты жер учаскесін  беру заңдылығына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Жер қатынастары бөлімімен бас жоспарға сәйкес келмейтін, Баянауыл ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген, ауданы 0,4000 га жер учаскесін бергені анықталды.

Департаментпен бұзушылықтарды жою туралы әкімдікке тиісті нұсқама берілді. Өз кезегінде жер қатынастары бөлімі осы учаскені беру туралы қаулының күшін жойып, бұзушылықтардың алдын алды.