
Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен Семей қаласының жергілікті атқарушы органына қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылып, оның нәтижелері бойынша жер учаскелерін беру кезінде жер заңнамасының нормаларын бұзу фактілері анықталды. Әкімдікпен сауда-саттық (аукцион) өткізбестен жарнамалық конструкцияларды орнату үшін жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 48-бабының нормалары бұзыла отырып, берілген.
Департаменттің жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасын орындау үшін Семей қаласының жергілікті атқарушы органы Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 0,045 га көлеміндегі жер учаскелерін жалға беру туралы 23 шартты жарамсыз деп тану туралы талап арыз жолдаған.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 21 мамырдағы №1013-24-00-2 / 387 шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Абай облысы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот актілері заңды күшіне енді.