
Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті жоспардан тыс тексеру барысында ЖШС-нің Теректі және Ақсуат ауылдық округтерінің аумақтарындағы жер учаскелерінде топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алу арқылы жерді бүлдіру фактісін анықтады.
Нәтижесінде ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337-бабының, 1-тармағына сәйкес, заң бұзушылыққа жол берген ЖШС-не 22 152 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.
ҚР Жер Кодексінің 140-бабына сәйкес жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға міндетті. Департамент тарапынан берілген нұсқама бойынша ЖШС-не 3 ай мерзімде бүлінген жерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу арқылы анықталған жер заңнамасы нормаларының бұзушылықтарын жою, «Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы» автомобильдық жолын реконструкциялау жобасы аяқталғаннан кейін бүлінген жерлердің құнарлық деңгейін қалпына келтіру жөнінде кешенді іс-шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.