
Талдықорған қаласы Мүшелтой ықшам ауданы тұрғындарының жер учаскесін жалпыға ортақ пайдаланудағы жер теліміне заңсыз беру туралы ұжымдық өтініші негізінде Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Талдықорған қаласының әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 109, 152-баптарын, сонымен қатар «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту қағидасын» бұзу фактілері анықталды.
Департамент тарапынан әкімдікке анықталған бұзушылықтарды жою туралы, яғни жер учаскесін босата отырып, бастапқы қалпына келтіру және "Мушелтой" ықшам ауданы тұрғындарының жалпы пайдаланымдағы жерлерге қол жеткізу туралы нұсқамалар берілді.
Облыстың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің нұсқамаларын мәжбүрлеп орындау туралы талап арызы қанағаттандырылды.