Маңғыстау облысында  сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау облысында  сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеріс кезінде Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «Қос Ада» аумағындағы сауықтыру кешенінің құрылысына арналған көлемі - 3 457 га жер учаскесі Жер кодексінің 43-бабының нормалары бұзыла отырып, жеке меншікке (кадастрлық (бағалау) құны – 3 164 710 650 тенге) берілгені анықталды.

Дәлірек айтқанда жер учаскесі жер комиссиясында қаралмай және жерге орналастыру жобасы жасалмай рәсімделген.

Департамент өз құзыреті шегінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Соттың шешімімен Департаменттің талаптары толығымен қанағаттандырылды (сот шешімі заңды күшіне енді).