Шымкент қаласында ортақ пайдалану аумағынан заңсыз берілген 1 гектарға жуық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент қаласында ортақ пайдалану аумағынан заңсыз берілген 1 гектарға жуық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментімен Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде қаланың бекітілген бас жоспарында ортақ пайдаланудағы жерде орналасқан «REAL PACK» ЖШС-ге тиесілі жер учаскесіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында саябаққа іргелес жатқан ортақ пайдаланудағы жалпы көлемі 0,9326 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын өрескел бұзыла отырып табысталғаны анықталған.

Осының негізінде Департамент тарапынан Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жер учаскесінің құқық беруші құжаттарын жарамсыз деп тану туралы талап кою арызы берілген.

Соттың 2024 жылғы 4 маусымдағы шешімімен департаментің талап- арызы толығымен қағанаттандырылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесінің кадастрлық құны 46 853 824 теңгені құрайды.