
Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен «Лунцзянь» жолдар мен көпірлердің құрылысы бойынша жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы филиалының (әрі қарай - Акционерлік қоғам) қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде, Акционерлік қоғам жерге құқықты белгілейтін құжаттарын рәсімдеп алмастан Қызылорда облысы, Сырдария ауданының босалқы жерлерінен көлемі 19,0 гектар мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру (карьер № 7, № 9) мақсатында пайдаланған. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны анықталған.
Нәтижесінде құқық бұзушылықтар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136, 337-баптарымен әкімшілік іс өндірістері қозғалып, 2 953 600 теңге айыппұл салынды және өндірілді.
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» орындалуға міндетті нұсқама берілді.
Қазіргі кезде, жер учаскелеріне құқықтар рәсімделіп, заң бұзушылық жойылды.