
Ағымдағы жылғы 4-5 маусым аралығында «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК – ның салалық даму департаментінің мамандары, Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы бірінші кезеңде орындаған далалық іздестіру жұмыстарын қабылдады.
Топырақ зерттеу бойынша далалық жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Тимирязев ауданының Мичурин, Белоградов ауылдық округтерінде, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы топырақ бонитетін айқындау бойынша жұмыстар Айыртау ауданының Константинов және Украин ауылдық округтерінде жүргізілді.