Меню

Страницы

Статья

Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина «АШАІМИ» ШЖҚ РМК директоры болып тағайындалды

2022 жылы 25 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен, Гүлжахан Бимендина Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу кұқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина 52 жаста, білімі жоғары, еңбек жолын Солтүстік Қазақстан  облысы Сергеевка аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бас маманы қызметінен бастаған.

Жер саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келеді. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының аудандық жер комитетінің төрайымы, Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфроқұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметтерін, аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен,                                 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Жер ресурстарын басқару бойынша агенттігінің және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» құрмет грамоталарымен, марапатталған. Қазақстан Республикасының «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісінің иегері.

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы