ХАБАРЛАМА
Павлодар облысының «Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа(фермерлік) қожалығын жүргізу үшін, нысанына беру үшін жер учаскелерінің конкурс жариалайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен жайда қабылданады: Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 238. Жұмыс телефоны 87183321929, 87183321178.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу осы ақпараттық хабарлама (ХАБАРЛАМА) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң басталады және өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтінімдер 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 23 қыркүйекке дейін қабылданады.
Хабарландырудың ресми жарияланғаң күнінен кейін конкурс өтінімінің конверті 2022 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15-00 де ашылады, мекен-жайы Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл а. Елгина көшесі 172, мәжіліс залы 3–інші қабат.
Ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа(фермерлік) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі және оларға құқықтар
|
Жер телі- мінің № |
Лоттың№ |
Жер теліміне қысқаша мінездеме |
Ауданы, га |
Жалға алу мерзімі (жыл) |
Жер телімінің орналасқан жері |
Ауылшаруа-шылығына мамандануы
|
Бонитет баллы |
Сумен қамтама-сыз- данды-рылуы |
|
1 |
|
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1 |
18 |
Түбегейлі жақсартылған жайылым (қара-сарғылт кіші аймақ) |
214,3 (ТЖ жайылым 214,0 га, жолдар 0,3 га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
2 |
19 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ)
|
603,3 (жайылым 601,0 га, жолдар 2,3 га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
3 |
20 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
1077,8 (жайылым 1073,0 га, жолдар 4,8 га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
4 |
21 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
339,5 (жайылым 338,0 га, жолдар 1,5 га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
5 |
22 |
Суарылмайтын егістік (қара талшынды кіші аймақ) |
118,3 (егістік 118,0 га, жолдар 0,3га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
6 |
23 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
66,9 (жайылым 66,4 га, жолдар 0,5 га) |
25 |
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
20 |
жоқ |
|
7 |
24 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
167,1 (жайылым 166,5 га, жолдар 0,6 га) |
25 |
Воскресенка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
19 |
жоқ |
|
8 |
25 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
98,1 (жайылым 97,4 га, жолдар 0,7 га) |
25 |
Воскресенка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
23 |
жоқ |
|
9 |
26 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
165,9 (жайылым 164,4 га, жолдар 1,5 га) |
25 |
Калиновка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
23 |
жоқ |
|
10 |
27 |
Суарылмайтын егістік (қара талшынды кіші аймақ) Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
137,9(егістік 129,3 га жайылым 7,7 га, жолдар 0,9 га) |
25 |
Калиновка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын |
23 |
жоқ |
|
11 |
28 |
Суарылмайтын егістік (қара талшынды кіші аймақ) |
106,8 егістік (106,7 га, жолдар 0,1 га) |
25 |
Калиновка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығын |
23 |
жоқ |
|
12 |
29 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
236,0 (жайылым 235,5га, жолдар 0,5 га) |
25 |
Калиновка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
23 |
жоқ |
|
13 |
30 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
64,7 (жайылым 64,7 га) |
25 |
Береговой ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
14 |
жоқ |
|
14 |
31 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
54,0 (жайылым 53,6 га , жолдар 0,4 га) |
25 |
Верненка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
19 |
жоқ |
|
15 |
32 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
177,3 (жайылым 176,8 га, жолдар 0,5 га) |
25 |
Байқоныс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
15 |
жоқ |
|
16 |
33 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
112,9 (жайылым 112,9 га) |
25 |
Байқоныс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
15 |
жоқ |
|
17 |
34 |
Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
65,4 (жайылым 65,2 га, жолдар 0,2 га) |
25 |
Байқоныс ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
15 |
жоқ |
|
18 |
35 |
Түбегейлі жақсартылған жайылым (қара-сарғылт кіші аймақ) |
136,5 (ТЖ жайылым 136,0 га, жолдар 0,5 га) |
25 |
Федоровка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
18 |
жоқ |
|
19 |
36 |
Түбегейлі жақсартылған жайылым (қара-сарғылт кіші аймақ) Табиғи жайылым (қою қызыл қоныр кіші аймақ) |
238,4 (ТЖ жайылым 120,0, жайылым 116,7 га, жолдар 1,7 га) |
25 |
Федоровка ауылдық округі |
Мал шаруашылығын |
18 |
жоқ |
КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМНІҢ НЫСАНЫ
_________________________________________________
_________________________________________________
(қатысушының атауы)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап беру бойынша, конкурс ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жалға алу, онда осымен куәландырылады
__________________________________________________________________
Келесі лоттар бойынша қатысады
|
Жер телі мінің № |
Лот № |
Жер теліміне қысқаша мінездеме |
Ауданы, га |
Жалға алу мерзімі (жыл) |
Жер телімінің орналасқан жері |
Ауылшаруашылығына мамандануы
|
Бонитет баллы |
Сумен қамтамасыздандырылуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
2.
.
.
.
_____________ _______________________________
(қолы, күні)
м.ө. (лауазымы, тегі, а. а.)
Конкурс 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 518 бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалар бойынша өткізіледі
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жоспарланған өндіріс түрін міндетті түрде көрсету) уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар қатысуға құқылы емес.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс; (Егер де Сіз бірнеше лотқа ұсыныз берсеніз, бизнес-жоспарда әр лот бойынша инвестиция салымы жеке болуы керек);
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Жер кодексінің 43-1-бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар әрбір лот бойынша (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою үшін ауданның уәкілетті органына келуге міндетті.