Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Жарқайың ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2022 жылғы 31 тамызынан бастап 2022 жылғы 20 қыркүйекке қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2022 жыл 21 қыркүйек сағат 10.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй.

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №)

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы

1

(№ 1 лот)

Костычев ауылдық округі (Маяк)

Барлық алаңы:

соның ішінде:

табиғи жайылым

жақсартылған жайылым

840,0

 

437,0

403,0

 

 

30,3

27,1

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

2

(№ 2 лот)

Далабай ауылы

табиғи жайылым

203,0

23,0

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

3

(№ 3 лот)

Далабай ауылы

табиғи жайылым

280,0

23,0

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

4

(№ 4 лот)

Шойындыкөл ауылы

егістік

412,0

22,5

күреңтопырақ

Суландырылмаған

өсімдік шаруашылығы

5

(№ 5 лот)

 Құмсуат ауылы

Барлық алаңы:

соның ішінде:

егістік

жақсартылған жайылым

790,0

 

375,0

415,0

 

 

22,8

18,9

күреңтопырақ

Суландырылмаған

 

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

6

(№ 6 лот)

Бірсуат ауылы

табиғи жайылым

575,0

12,1

күреңтопырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

7

(№ 7 лот)

Бірсуат ауылы

табиғи жайылым

575,0

15,0

күреңтопырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

8

(№ 8 лот)

Бірсуат ауылы

табиғи жайылым

400,0

16,2

күреңтопырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

9

(№ 9 лот)

Жаңадала ауылдық округі (Зерноград)

егістік

77,8

26,0

күреңтопырақ

Суландырылмаған

өсімдік шаруашылығы

 

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Ұпайлар келесі критерийлер бойынша беріледі:

- 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі

- осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы,Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Дата публикации
02 августа 2022
Дата обновления
02 августа 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы