Қарағанды облысының Абай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсты өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 19 шілдеде Қарағанды облысы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3 мекенжайы бойынша орналасқан Абай ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында сағат 10-00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайталама конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді тіркеу және қабылдау Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 құрылым, (1-ші қабат, 10 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не 2022 жылдың 4 шілдеден бастап 2022 жылдың 18 шілде сағат 17:00-ға дейін жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін, қағаз тасығышта қолма-қол не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурсқа хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген, шетелдіктің қатысуынсыз, мемлекеттік емес тұлғалардан, белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.
Қайталама конкурсқа төменде келтірілген кестеде көрсетілген келесі жер учаскелері шығарылады:
|
|
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Орналасқан жері |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Талшынды , жайылым – 82,5 га, балл бонитеті – 21. |
82,5 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, суармалы егістік – 23,0 га, шабындық-14 га, жайылым-22,7532 га, басқа алқаптар – 18,7795 га, балл бонитеті -19 |
78,5327 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, суармалы егістік-170,0 га, жайылым-106,0 га, басқа алқаптар – 1,2248 га, балл бонитеті -19 |
277,2248 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
9 |
Талшынды, жайылым - 93,8285 га, балл бонитеті – 21 |
93,8285 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
11 |
Талшынды, жайылым - 67,9910 га, басқа алқаптар – 0,2748 га, балл бонитеті -18
|
68,2658 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
14 |
Талшынды, жайылым – 35,0293 га, басқа алқаптар – 0,0654 га, балл бонитеті – 8 |
35,0947 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
15 |
Талшынды, тәлімі егістік – 36,0054 га, жайылым – 0,4821 га, балл бонитеті – 19 |
36,4875 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
16 |
Талшынды, егістік – 27,5494 га, басқа алқаптар – 0,0750 га, балл бонитеті – 24 |
27,6244 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
23 |
Талшынды, жайылым – 76,0 га, басқа алқаптар (жолдар астында) – 0,9285 га, балл бонитеті – 22 |
76,9285 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
24 |
Талшынды, жайылым – 16,4550 га, басқа алқаптар (жолдар астында) – 0,045 га, балл бонитеті – 18 |
16,5000 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
29 |
Талшынды, жайылым – 33,10 га, басқа алқаптар (жолдар астында) – 0,0764 га, балл бонитеті – 11 |
33,1764 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы Мал шаруашылығы |
|
30 |
Талшынды, жайылым – 44,5 га, басқа алқаптар (жолдар астында) – 0,5 га, балл бонитеті – 22 |
45,0000 |
10 |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады, «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «_____ жылғы __________ «_____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 құрылыс мекенжайы бойынша «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефондары: 8 (72131) 41958 (факс), электрондық мекенжайы: abayarh@mail.ru.