Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі 49 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімідігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2022 жылдың 1 тамызынан бастап 2022 жылдың 19 тамызы сағат 18:30 дейін қоса өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күні нәтижесі шығарлыған күні болыпсаналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, 1-қабат, кіші отырыс залы мекенжайы бойынша, 2022 жылдың 22 тамызы сағат 11:00 минутта өтеді.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2022 жылдың 22 тамызына дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Талаптарға сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелері 2022 жылдың  22 тамызы айында шығарылады.

Конкурстың өту тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Айыртау ауданы әкімінің сайтында airtau.sko.gov.kz, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі airrtauosh@.sko.gov.kz, немесе 8 (71533) 21-717, 21-432 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау  ауданы, Саумалкөл а., Конституция, 35.

 

2022 жылы конкурсқа қойылатын

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының

бос жер телімдерінің тізбесі

 

№

Лот№

Лоттың сипаттамасы

(алаңы №)

Алаңы

(га)

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (б/б)

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

Арықбалық ауылдық округі

1

1

61

96

табиғи жайылымдар – 95 га, б/б 18,0;

су асты 0,5 га б/б 0;

жолдар -0,5 га, б/б 18;

49 жыл

Арықбалық а/о

 Барлығы – 96 га: табиғи жайылымдар – 95 га, су астында – 0,5 га, жолдар – 0,5 га.

Антонов ауылдық округі

2

2

г-2 нетели

39-2

71,1

табиғи жайылымдар – 70,5 га, б/б 27,5

жолдар – 0,6 га, б/б 27,5

49 жыл

Антонов а/о

3

3

15-1, 15 кос, 4-кос,кос,9-1

152

табиғи жайылымдар – 151 га, б/б 22,6;

жолдар – 1 га, б/б 22,6

49 жыл

Антонов а/о

Барлығы – 223,1 га: табиғи жайылымдар – 221,5 га, жолдар – 1,6 га.

Қамсақты ауылдық округі

4

4

51кос,30кос, Г-4,17-4, 52кос,54кос, 16-4,16-4кос

382

табиғи жайылымдар – 357 га, б/б 14,9;

батпақты жер – 2 га, б/б 6,0;

су асты – 18 б/б 0

жолдар – 3 га, б/б 14,9;

басқа жер – 2га, б/б 0

49 жыл

Қамсақты а/о

5

5

29кос,31кос, 15кос,Г-5,14

162

табиғи жайылымдар – 144 га, б/б 20,7;

бұталы жер – 1 га, б/б 7,0;

су асты – 16 га б/б 0

жолдар – 1 га, б/б 20,7;

49 жыл

Қамсақты а/о

6

6

кос,3молКРС,

10-3,10-4

64

табиғи жайылымдар–5,8га,б/б,6,7

жақсартылған жайылымдар-57,6га б/б, 10,2

жолдар – 0,6 га, б/б, 9,9

49 жыл

Қамсақты а/о

7

7

9кос,7-3

150

табиғи жайылымдар – 138 га, б/б, 9,1

жақсартылған жайылымдар –7 га, б/б 11,0

батпақты жер -5га, б/б 6,0

49 жыл

Қамсақты а/о

8

8

Г-3,Г-4,Г-5

441

табиғи жайылымдар-271га, б/б, 9,1

батпақты жер-72га, б/б 6,0

су асты-97га, б/б 0

жолдар-1га,б/б 9,1

49 жыл

Қамсақты а/о

9

9

Г-5

298

табиғи жайылымдар-265га, б/б 9,0

батпақты жер-4 га, б/б 6,0

су асты-13га, б/б 0

жолдар-2га, б/б 9,0

басқа жер – 14 га, б/б 0

49 жыл

Қамсақты а/о

10

10

46кос,14,14кос,Г-5

199

табиғи жайылымдар-171 га, б/б 18,3

батпақты жер – 18 га, б/б 6,0

су асты – 9 га, б/б 0

жолдар – 1 га, б/б 18,3

49 жыл

Қамсақты а/о

11

11

кос, Г-2кор, Т-12 мол,1

124

табиғи жайылымдар-82 га, б/б, 9,6

жақсартылған жайылымдар-40 га, б/б 14,0

батпақты жер-2 га, б/б 6,0

49 жыл

Қамсақты а/о

12

12

25кос,26кос, 27кос,11-2кос,11-1,11-2,24кос

178

табиғи жайылымдар – 173 га, б/б 14,6

су асты – 5 га, б/б 0

49 жыл

Қамсақты а/о

Барлығы-1998 га: табиғи жайылымдар – 1606,8га, жақсартылған жайылымдар – 104,6 га, бұталы жер – 1га, батпақты жер – 103га, су асты – 158 га, жолдар – 8,6 га, басқа жер – 16 га.

Украин  ауылдық округі

13

13

3-9,8-1,Г1-кор,Г2-кор

71

табиғи жайылымдар – 70 га, б/б 18,5;

су асты – 1 га, б/б 0

49 жыл

Украин а/о

14

14

50кос

22,9

табиғи жайылымдар – 22,8 га, б/б 15,9;

жолдар – 0,1 га, б/б 15,9;

49 жыл

Украин а/о

15

15

2-2

41

табиғи жайылымдар – 41 га, б/б 12,2

49 жыл

Украин а/о

Барлығы-134,9 га: табиғи жайылымдар – 133,8 га, су асты – 1 га, жолдар 0,1 га

Айыртау ауданы бойынша барлығы 2452 га: табиғи жайылымдар – 2057,1 га,  жақсартылған жайылымдар – 104,6 га, бұталы жер – 1 га, батпақты жер – 103 га, су асты – 159,5 га, жолдар – 10,8 га, басқа жер – 16 га.

               

 

Ескертпе: жер учаскелерінің топырағының сапалық сипаттамасы және сумен қамтамасыз етілуі жоқ.

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы