ХАБАРЛАМА
СОЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.
Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2022 жылдың 27 маусымынан – 18 шілдесіне дейін (18.07.2022 жыл сағ: 1800 - де аяқталады). Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №40 үй, «Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 19.07.2022 жылғы сағ 1000- ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 19.07.2022 жыл.
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1-бабына сәйкес Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс жариялайды. Конкурс арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ
|
Жер учаскесінің Лот № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Көлемі, (га) |
Ауыл округі |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Жалға беру мерзімі, жыл |
|
1. |
Жайылым |
685 |
Шу |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
2. |
Жайылым |
1227 |
Шу |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
3. |
Жайылым |
1000 |
Шу |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
4. |
Жайылым |
1000 |
Тасты |
Сұр-қоңыр шалғынды-шөлді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
5. |
Жайылым |
1000 |
Тасты |
Сұр-қоңыр шалғынды-шөлді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
6. |
Жайылым |
1000 |
Тасты |
сұр-қоңыр шалғынды шөлді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
7. |
Жайылым |
700 |
Тасты |
сұр-қоңыр шалғынды шөлді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
8. |
Жайылым |
1000 |
Тасты |
Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты сортаң шөлді сортаң жеңіл жазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
9. |
Жайылым |
1500 |
Тасты |
Шалғынды сортаң, тақыр тәрізді жоталы құм |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
10. |
Жайылым |
1000 |
Тасты |
Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты сортаң шөлді сортаң жеңіл жазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
11. |
Жайылым |
700 |
Жуантөбе |
сұр-қоңыр шалғынды шөлді сортаң орташа сазды |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
12. |
Жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Ашық солтүстіктің дамымаған сұр топырақтары, орташа тасты-қиыршақ |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
13. |
Жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Сұр-қоңыр кәдімгі дамымаған орташа құмды саздық |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
14. |
Жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Жеңіл солтүстік сұр, дамымаған, жеңіл сазды |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
15. |
Жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
16. |
Жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
17. |
жайылым |
1000 |
Жуантөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
18. |
Жайылым |
1500 |
Жуантөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
6,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
19. |
Жайылым |
300 |
Қаратау |
сұр-қоңыр шалғынды шөлді сортаң орташа сазды |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
20. |
Жайылым |
1000 |
Қаратау |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
21. |
Жайылым |
1000 |
Қаратау |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
22. |
Жайылым |
2000 |
Қарақұр |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
8,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
23. |
Жайылым |
1500 |
Құмкент |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
24. |
Жайылым |
2000 |
Созақ |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
8,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
25. |
Жайылым |
885 |
Созақ |
Шөлді сортаңды сұр- қоңыр ашық сазды топырақ |
8,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
26. |
Жайылым |
700 |
Созақ |
Солтүстік сұр, орташа сазды топырақ |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
27. |
Жайылым |
237
|
Сызған
|
Жеңіл солтүстік дамымаған орташа тасты-қиыршықты |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
28. |
Жайылым |
100 |
Сызған |
Жеңіл солтүстік дамымаған орташа тасты-қиыршықты |
9,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
29. |
Жайылым |
500 |
Сызған |
Жеңіл солтүстік дамымаған орташа тасты-қиыршықты |
7,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
30. |
Жайылым |
160 |
Сызған |
Жеңіл солтүстік дамымаған орташа тасты-қиыршықты |
3,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
31. |
Жайылым |
360 |
Сызған |
Сұр-қоңыр кәдімгі дамымаған орташа құмды саздық |
9,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
32. |
Жайылым |
414 |
Шолаққорған |
Дамымаған солтүстік сұр, жеңіл сазды топырақ |
3,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
33. |
Жайылым |
180 |
Шолаққорған |
Солтүстік кәдімгі сұр, орташа сазды топырақ |
9,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
34. |
Жайылым |
550 |
Шолаққорған |
Сұр-қоңыр сортаң аздап қиыршық тасты |
3,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
35. |
Жайылым |
560 |
Жартытөбе |
Сұр-қоңыр сортаң аздап қиыршық тасты |
10,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
36. |
Жайылым |
1000 |
Жартытөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
9,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
|
37. |
Жайылым |
500 |
Жартытөбе |
Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы |
9,0 |
мал шаруашылығы |
15 |
Жайылым 32258 га: Барлығы 32258 га
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу-өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.