Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Директорының бос лауазымына конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Манас көшесі 42/56, телефон: 8 (727) 274-75-44
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастрының жұмыстарын жүзеге асыру жүргізу үшін жерге орналастыру саласындағы қызмет болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жерге орналастыру, картография саласындағы жоғары білім, мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Білімі, дағдысы және тәжірибесі қаржылық-шаруашылық қызметін басқару және ғылым және технологиялардың практикалық қолдану. Мемлекеттік саясат және жерге орналастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде ұсынатын құжаттардың тізімі:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Барлық құжаттар болған жағдайда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешімі қабылданады.
Құжаттарды қабылдау конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде аяқталады.
Құжаттар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, электрондық мекенжай saryev.m@minagri.gov.kz бойынша қабылданады, анықтама телефондары: 8 (7172)74-23-49.
Конкурс 2020 жылғы 6 мамырда 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша өтеді.