Жер кодексінің жерді сату және шетелдіктерге жалға беру бөлігінде нормалары бойынша мәселелерге қатысты
Президенттің 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен және тиісті заңдармен қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беру бөлігінде жер кодексінің нормаларына 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізілді
Бұл бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек қазақстандықтарға 49 жылға дейін жалға беріледі, ал шетелдіктерге жалға беруге жол берілмейді
Мораторий әрекетіндегі нормаларды пысықтау және шешу мақсатында Үкімет тиісті жұмыстарды жүргізді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды құқықтық реттеуді жетілдіру үшін тұжырымдамалық ұсынымдар қалыптастырылып, жер пайдаланудың консервативті нормаларын талдау және пысықтау жұмыстары аяқталып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің кезекті отырысының қарауына шығаруға енгізілді.
Қарау қорытындылары бойынша 2020 жыл ішінде тиісті заң жобасы әзірленетін болады, бұл ретте бүгінгі күні құрамы уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі ұйымдар мен жұртшылықтың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан азаматтарын құқықтық хабардар ету үшін Заң жобасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сайттарында, сондай-ақ өзге де ақпараттық көздерде және әлеуметтік желілерде (Facebook, WhatsApp, Instagram және т.б.) хабарланып, халық және жұртшылықпен кеңінен талқыланатын болады.