Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша ҚАЙТА конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
2022 жылы 30 мамыр сағат 10.00-да, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша Кайта конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2022 жылдың 16 мамырдан бастап 2022 жылдың 27 мамыр сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А ( 2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитет) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Су қамтамасыз ету |
Аймақтың шаруашылығымамандандыру |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Талшынды, жайылым- 27,3908 га, ТЖ жайылым- 27,3908 га, жол Балл бонитет – 16. |
27,3908 |
10 |
Ақтөбе а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
2 |
Талшынды, жайылым- 33,1 га, ТЖ жайылым- 26 га, жол астында- 0,0663 га, су астында-0,1024га. Балл бонитет – 24. |
33,2687 |
10 |
Ақтөбе а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
3 |
Талшынды, шабындық-5 га, жайылым-60,6 га, жол астында -0,2250 га, су астында-0,0308 га. Балл бонитет – 19. |
65,8558 |
10 |
Ақтөбе а/о
|
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
4 |
Талшынды, жайылым-79,4 га, су астында -0,603 га. Балл бонитет –21 . |
80,003 |
10 |
Ақтөбе а/о
|
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
5 |
Талшынды, жайылым-1009,735 га, ТЖ жайылым-43,855га, жол астында- 0,406 га, су астында-4,4621 га. Балл бонитет –10. |
1014,6031 |
10 |
Ақоре ауылы
|
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, жайылым-1153,58 га, жол астында- 1,6554 га, су астында-2,566 га. Балл бонитет –10. |
1157,8014 |
10 |
Ақоре ауылы |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
7 |
Талшынды, егістік-100 га, жол астында- 0,5358 га, Балл бонитет –35 . |
100,5358 |
10 |
Центральный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
8 |
Талшынды, жайылым-159,1 га, шабындық- 103,0 га, су астында- 0,904 га, Балл бонитет –15 . |
263,0040 |
10 |
Үміткер а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
9 |
Талшынды, жайылым-285,0 га, жол астында- 0,4780 га, су астында-0,6982 га. Балл бонитет –10. |
286,1762 |
10 |
Үміткер а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
10 |
Талшынды, жайылым -197,166 га, ТЖ жайылым-187,176 га, жол астында-0,939га, су астында- 0,285 га. Балл бонитет –19 . |
198,39 |
10 |
Тоғызқұдық а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
11 |
Талшынды, тыңайма құйылған -30,874 га, жайылым -8,412 га, жол астында- 0,495 га, су астында- 0,3726 га. Балл бонитет –18. |
42,0996 |
10 |
Ботақара ауылы |
Қамтамасыз етілген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
12 |
Талшынды, егістік- 62,0 га, жайылым -256,7 га, жол астында-1,0 га, су астында- 1,2 га. Балл бонитет –29. |
320,9
|
10 |
Суықсу ауылы |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
Конкурсты ұсыныста:
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2022 жылдың 30 мамыр сағат 10-00ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8(72154) 79024, 53618, электронды мекенжайы http://www.bukhar-zhirau.kz/,gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru. Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, "конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары" бөлімінде.