Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға телімдерін беру бойынша өтініштерді қабылдау, тіркеу және конкурстың қорытындыларын шығару мерзімін ауыстыру туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, ШҚО Бесқарағай аудандық жер комиссиясы 2020 жылғы 21 сәуірге белгіленген (аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде 2020 жылғы 26 ақпандағы №9 (2121) нөмірінде жарияланған ақпараттық хабарлама) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың мерзімін ауыстыру туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау және тіркеу, конкустық өтініштері бар конверттерді ашу және конкурс қорытындыларын шығару туралы ақпараттық хабарлама аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде қосымша жарияланып, Бесқарағай ауданы әкімінің ресми сайтына орналастырылатын болады.