Ақпараттық хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі конкурс жариялайды
Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2020 жылы 28 мамырда 15 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабатта әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.
Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 05 мамырдан бастап 2020 жылғы 27 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.
Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Жеңімпаз қабылдаған конкурстық ұсыныста көрсетілген міндеттемелер ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына Жер кодексінің 43-1-бабының 20-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг барысында тексеріледі.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 28 мамырда шығарылады.
Конкурстық өтінімдер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ 2020 жылғы 27 мамыр сағат 18.30-дан кешіктірмей мына мекен-жай бойынша: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1 үй қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің № (егін алқабы)
|
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)
|
Алаңы, га
|
Бонитет балы
|
Жалға алу мерзімі, жыл
|
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтығы) |
|
1 |
№10 |
Жалпы ауданы 450 га, оның ішіңде егістік 449 га, жолдар 1 га |
450 |
56,9 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
№ 12 |
Жалпы ауданы 77,1 га, оның ішіңде егістік 76 га, орман жолақтары 1,1 га |
77,1 |
54,0 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
|
№ 14 |
Жалпы ауданы 212 га, оның ішіңде егістік 211 га, табиғи жайылым 1 га |
212 |
57,6 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
|
№ 4; № 5 |
Жалпы ауданы 728 га, оның ішіңде егістік 727 га, жолдар 1 га |
728 |
60,4 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
|
2 |
№ 26 |
Жалпы ауданы 99 га, оның ішіңде егістік 99 га |
99 |
58,4 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
№ 33-2, № кос54, № кос55 |
Жалпы ауданы 47,7 га, оның ішіңде егістік 38,6 га, табиғи жайылым 9,1 га |
47,7 |
51,9 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
|
№ 6 |
Жалпы ауданы 152,5 га, оның ішіңде табиғи жайылым 152,5 га |
152,5 |
36,8 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі |
|
|
3 |
№ 3; № 1; № 2, № 7, №3кос |
Жалпы ауданы 830 га, оның ішіңде егістік 759 га, табиғи жайылым 68 га, жолдар 3 га |
830 |
50,3 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі |
|
4 |
№ 1 |
Жалпы ауданы 24,8 га, оның ішіңде егістік 24,6 га, жолдар 0,2 га |
24,8 |
46,0 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі |
|
5 |
№36, №37, № кос4, №кос6, №кос7 |
Жалпы ауданы 462 га, оның ішіңде егістік 443 га, табиғи жайылым 14 га, бұталар 3 га, жолдар 2 га |
462 |
54,6 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі |
|
6 |
№ 6, № кос5 |
Жалпы ауданы 44 га, оның ішіңде егістік 43 га, табиғи жайылым 1 га |
44 |
55,9 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі |
|
7 |
№ 19 |
Жалпы ауданы 22,8 га, оның ішіңде егістік 22,5 га, жолдар 0,3 га |
22,8 |
52,3 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі |
|
8 |
№ 45-1, № кос5 |
Жалпы ауданы 12,3 га, оның ішіңде егістік 11,8 га, табиғи жайылым 0,5 га |
12,3 |
60,7 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі |
|
9 |
№ 6-2; № Т-16лош, № кос163, № кос162, № Г3-5-кор, |
Жалпы ауданы 685 га, оның ішіңде табиғи жайылым 659 га, бұталар 15 га, жолдар 3 га, су асты 1га, басқа 7 га |
685 |
27,2 |
10 жыл |
Докучаев ауылдық округі |
|
10 |
№ Г-7,8; № Г-4,6 |
Жалпы ауданы 127 га, оның ішіңде табиғи жайылым 126 га, жолдар 1 га. |
127 га |
22,5 |
10 жыл |
Дзержинский ауылдық округі |
|
11 |
№ 3-3; № 4-1; № 3-2; № кос23 |
Жалпы ауданы 352 га, оның ішіңде табиғи жайылым 345 га, бұталар 5 га, жолдар 2 га. |
352 га |
23 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі |
|
12 |
№ 1-2; № 2; № 3; № 4-2; № 4-1, № 16 |
Жалпы ауданы 750 га, оның ішіңде табиғи жайылым 746 га, жолдар 4 га. |
750 га |
27,3 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі |
|
13 |
№ Г35,36; № Г37,38,39 |
Жалпы ауданы 429 га, оның ішіңде табиғи жайылым 387 га, бұталар 41 га, жолдар 1 га. |
429 га |
25,4 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі |
|
14 |
№ 1-5, №2-2, №2-1, № 4, № к-26,27, № кос 8, №3, № о5-6, №кос7, №2-3, № к-28,29, №кос9, |
Жалпы ауданы 1474 га, оның ішіңде табиғи жайылым 1307 га, бұталар 161 га, су асты 1 га, оның ішіңде жасанды су айдыны 1 га, жолдар 5 га. |
1474 га |
22,6 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі |
|
15 |
№ 1-1; № кос18, № кос 19, № кос17 |
Жалпы ауданы 99,7 га, оның ішіңде табиғи жайылым 78 га, бұталар 21,7 га |
99,7 |
34,4 |
10 жыл |
Кұртай ауылдық округі |
|
16 |
№ 41, №кос34 |
Жалпы ауданы 68,3 га, оның ішіңде егістік 67,3 га, табиғи жайылым 1 га |
68,3 |
57,9 |
10 жыл |
Комсомол ауылдық округі |
|
17
|
№ 3, № кос6 |
Жалпы ауданы 171 га, оның ішіңде табиғи жайылым 170 га, басқа1 га |
171 |
30,6 |
10 жыл |
Ақжан ауылдық округі |
|
№ ВСУ3, № 2, № кос2 |
Жалпы ауданы 46,1 га, оның ішіңде егістік 40 га, табиғи жайылым 6 га, жолдар 0,1 га |
46,1 |
16,5 |
10 жыл |
Ақжан ауылдық округі |
|
|
18 |
№ 6 |
Жалпы ауданы 58 га, оның ішіңде тыңайған жер 58 га |
58 |
57,6 |
10 жыл |
Москворецк ауылдық округі |
|
№ ВСУ-2 |
Жалпы ауданы 37,9 га, оның ішіңде тыңайған жер 37,9 га |
37,9 |
55,3 |
10 жыл |
Москворецк ауылдық округі |
|
|
№ 4-1; № 4-2; № 4-3; № Г 4-кор. |
Жалпы ауданы 368 га, оның ішіңде табиғи жайылым 332 га, батпақтар 25 га, жолдар 3 га, басқа 8 га |
368 |
50,4 |
10 жыл |
Москворецк ауылдық округі |
|
|
19 |
№ Г-15, О-13-14, О11-12 |
Жалпы ауданы 768 га, оның ішіңде табиғи жайылым 763 га, жолдар 2 га, басқа 3 га |
768 га |
26.7 |
10 жыл |
Целинный ауылдық округі |
|
20 |
№ 3, № кос 6, №кос7, №кос8, №кос9, № 4, № кос11, № кос12, № 5, № кос10, № кос 13, № 6, № r15 |
Жалпы ауданы 772 га, оның ішіңде табиғи жайылым 768 га, бұталар 1 га, жолдар 1 га, басқа 2 га. |
772 га |
30.9 |
10 жыл |
Целинный ауылдық округі |
|
|
Барлығы: 9368,2 га, оның ішіңде егістік 3011,8 га, табиғи жайылымдар 5934,1 га, тыңайған жер 95,9 га, бұталар 247,7 га, орман жолақтары 1,1 га, су астыңда 2 га, батпақтар 25 га, жолдар 29,6 га, басқа 21 га. |
|||||