ХАБАРЛАМА
Алматы облысы, Ескелді аудан әкімдігі, (040500 Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оразбеков көшесі, 67) тізімде көрестілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кестедегі лоттарға сәйкес, конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң 30 күннен кейін, ағымдағы жылдың яғни 04 сәуірден 22 сәуірге дейін қабылданады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін 2022 жылдың 22 сәуірге сағат 11 - 00 минутқа дейін мына мекен жайдан алуға болады: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, 65 ғимаратының 3 қабаты 20 кабинет.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2022 жылдың 22 сәуір 18 сағат 30 минутқа дейін.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне мына мекен-жайға табыс етіледі: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, 65 ғимаратының 3 қабаты 20 кабинет.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2022 жылдың 25 сәуір сағат 11 - 00 минутта мына мекен жайда ашылады: 040500 Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 67 ғимаратының үлкен мәжіліс залы.
Жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін (72836) 3-17-68 телефоны, 3-18-91 арқылы хабарласуға болады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
|
№ |
Местоположение земельного участка (сельский округ) |
Площадь га. |
Вид угодья земельного участка |
Качественные характеристики почвы |
Баллы бонитета |
Водообеспеченность |
Сельскохозяйственная специализация региона |
Срок аренды |
|
1 |
Конырский сельский округ |
18 |
богарная пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
2 |
Конырский сельский округ |
38 |
богарная пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
3 |
Конырский сельский округ |
12 |
богарная пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
4 |
Конырский сельский округ |
12 |
богарная пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
5 |
Кайнарлинский сельский округ |
3,6 |
богарная пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
6 |
Жалгызагашский сельский округ |
3,4 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
34 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
7 |
Жалгызагашский сельский округ |
3,7 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
34 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
8 |
Жалгызагашский сельский округ |
4,4 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
34 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
9 |
Жалгызагашский сельский округ |
2 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
34 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
10 |
Сырымбетский сельский округ |
15 |
богарная пашня |
Темно-каштановые обычные среднемощные |
40 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
11 |
Сырымбетский сельский округ |
15 |
богарная пашня |
Темно-каштановые обычные среднемощные |
40 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
12 |
Сырымбетский сельский округ |
2,3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
34 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
13 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
14 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
15 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
16 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
17 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
18 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
19 |
Алдабергеновский сельский округ |
3 |
орошаемая пашня |
черноземы среднесмытые |
27 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
20 |
Карабулакский сельский округ |
5.3 |
орошаемая пашня |
Темно-каштановые обычные среднемощные |
40 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
21 |
Карабулакский сельский округ |
3,1 |
орошаемая пашня |
Сероземы обыкновенные северные обычное орошаемые |
36 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
22 |
Карабулакский сельский округ |
17 |
богарная пашня |
Сероземы обыкновенные северные обычное |
27 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
23 |
Карабулакский сельский округ |
12 |
богарная пашня |
Сероземы обыкновенные северные обычное |
30 |
не обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
24 |
Карабулакский сельский округ |
5 |
орошаемая пашня |
Сероземы обыкновенные северные обычное орошаемые |
36 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
25 |
Карабулакский сельский округ |
2,1 |
орошаемая пашня |
Темно-каштановые карбонатные сильносмытые орошаемая |
61 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |
|
26 |
Карабулакский сельский округ |
3,2 |
орошаемая пашня |
Темно-каштановые обычные среднемощные |
40 |
обеспечено |
специализацированный |
10 лет |