АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Жаңақала ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
|
№ р/с |
Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № ) |
Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде |
Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардың құрамы, оның ішінде |
Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет |
Сумен қамтамыз етілуі |
Өзгеде |
||||
|
Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін |
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін |
Егістік |
Жайылым |
Шабын-дық |
Басқа алқаптар |
|
|
|
|||
|
1 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
2 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
3 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
4 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
5 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
6 |
Көпжасар ауылдық округі |
2000 |
- |
2000 га 10 жыл |
- |
1985 |
- |
15 |
6 |
жоқ |
|
|
7 |
Көпжасар ауылдық округі |
1000 |
- |
1000 га 10 жыл |
- |
990 |
- |
10 |
6 |
жоқ |
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне», Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығына сәйкес,
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылық әкімшілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2021 жылдың «13» қыркүйгінен бастап «1» қазан айы аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурс 2021 жылдың 4 қазан сағат 10:00 өткізіледі.
Толық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы Д.Нұрпейсова көшесі 29 үй «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8 (71141) 21-8-92 алуға болады.