ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Зеренды ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсын өткізеді.
Ақмола облысы Зеренды ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап оң бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 2 тамыздан бастап 2021 жылғы 13 тамыз қоса алғанда сағат 18:30-ге дейін Зеренді ауылы,Тәуелсіздік көшесі 67 мекен жайы бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2021 жылғы 16 тамызында сағат 10:00-де Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Тәуелсіздік көшесі 67, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.
|
телім № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесі беріледі |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) |
Алаңы (га) |
Бонитет балы |
Топырақ сипаттамасының сапасы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы |
|
1 |
Күсеп ауылдық округі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу |
Жалпы ауданы |
68,7
|
32,0 |
Кәдімгі қара топырақ |
Суландырылмаған
|
мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығы |
|
жайылым |
68,7 |
|||||||
|
оның ішінде түбегейлі жақсартылғаны |
38,0 |
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беріледі, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Зеренды ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy?lang=ru немесе Тел.: 87163221187 «Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.