Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы аумағынан
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ауыл және мал шаруашылығын жүргізу үшін 10 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жылға беру бойынша 2021 жылдың 23 тамызы күні уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі КОНКУРС өткізілетінін хабарлайды.
Конукурсқа қатысу туралы өтінімде:
1) ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, ҚР жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңіп алған конкурстық өтінімді айқындайды.
Конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.
Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының мүшелері қол қойған хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа арыз беру жер комиссиясының хаттамалық шешімін орындауды тоқтата тұрады.
Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс:
1) конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
2) егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.
Конкурсты өткізу орнының мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, №25Б ғимарат, 3-қабат, 307 кабинет.
Конкурсты өткізу күні: 23 тамыз 2021 жыл. Конкурстың басталу уақыты: 10:00 сағат.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң 30 күннен кейін, 15 жұмыс күн ішінде, яғни 2021 жылдың 02 тамызы мен 20 тамызы аралығында қабылданады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен жайдан алуға болады: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, №25Б ғимарат, 3-қабат, 307 кабинет.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2021 жылдың 20 тамызы күні, сағат 10:00-ге дейін.
Қосымша ақпаратпен анықтама алу үшін - Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің call-орталық нөмірлері: +7 (72934) 47-455, +7 (777) 026 1270 телефоны арқылы және janaozen.jer.qatyastary.bolim инстаграм парақшасы.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы аумағынан
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі
Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
|
р/с № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Нысаналы мақсаты |
Алаңы, га |
Кадастрлық нөмірі |
Жалдау мерзімі |
Алқаптардың құрамы
|
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілу мүмкіндігі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
1 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-500 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
2 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-501 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
3 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-502 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
4 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
1,0000 га |
13-201-012-503 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
5 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
1,0000 га |
13-201-012-504 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
6 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
1,0000 га |
13-201-012-505 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
7 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
1,0000 га |
13-201-012-506 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
8 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-507 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
9 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-508 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
|
10 |
Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ |
Ауыл және мал шаруашылығы үшін |
5,0000 га |
13-201-012-509 |
5 жыл |
Жайылым |
Сұр-қоңыр таяз сортаң құмды саздақ |
4.5 |
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен |
Ұйымдастырушы: «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Анықтама телефондары: 8 (72 934) 47-4-55.