Меню

Страницы

Статья

«2018 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 79-ө өкiмiміне өзгерістер енгізу түралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі өкiмiнің жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«2018 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі  № 79-ө өкiмiміне өзгерістер енгізу түралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі өкiмiнің жобасы бойынша

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын (әрі қарай- Заң) іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы №1071 (әрі қарай - Қаулы) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту көзделген.    

Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының жекелеген нормаларының қолданылуына мораторий енгізу туралы» №248  Жарлығына сәйкес, ҚР азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге және шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге мораторий болғандықтан, қаулыға қандай-да бір өзгерістер енгізу мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн, ал азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын құру кезінде шетелдіктердің қатысуына мүмкіндік береді, яғни, бұл Заңды іске асыру кезінде қарама-қайшылық тудырады.

Мәселенің қоғамдық маңыздылығын және шетелдіктер қатысатын ҚР заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге тыйым салуды ескере және мораторий мәселелерін шеше отырып, жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту мерзімін 2022 жылғы наурызға ауыстуру ұсынылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды.

Қаулыны жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы