Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Павлодар ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ұйымдастырушы) 2021 жылғы 19 сәуірдегі сағат 15.00-де шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, акт залы.

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

№ р/н

Лот №

Алаңы, га

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалгерлікке беру мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан орны

1

982

Жалпы ауданы 73,8 га, соның ішінде шабындық 70,5 га, өзге алқаптар 3,3 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Кеңес ауылдық округі

2

983

Жалпы ауданы 84,4 га, соның ішінде шабындық 80,6 га, өзге алқаптар 3,8 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Кеңес ауылдық округі

3

984

Жалпы ауданы 460,5 га, соның ішінде егістік 459,6 га, өзге өзге алқаптар 0,9 га

қоңыр топырақ

16

өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Кеңес ауылдық округі

4

990

Жалпы ауданы 457,1 га, соның ішінде жайылым 456,7 га, өзге алқаптар 0,4 га

қоңыр топырақ

12

мал шаруашылығы

15 жыл

Заңғар ауылдық округі

5

991

Жалпы ауданы 59,56 га, соның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым 59,56 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Луганск ауылдық окруі

6

992

Жалпы ауданы 170,2 га, соның ішінде жайылым 2,1 га, шабындық 160,7 га,  өзге өзге алқаптар 7,4 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Заря ауылдық окруі

7

996

Жалпы ауданы 850,6 га, соның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым 847,6 га, өзге алқаптар 3 га

қоңыр топырақ

11

мал шаруашылығы

15 жыл

Ольгинка ауылы

8

997

Жалпы ауданы 104,2 га, соның ішінде егістік 62,2 га, жайылым 41,2 га, өзге алқаптар 0,8 га

қоңыр топырақ

16

өсімдік шаруашалығы

мал шаруашылығы

15 жыл

Чернорецк ауылдық округі

9

998

Жалпы ауданы 40,3 га, соның ішінде егістік 40,3 га

қоңыр топырақ

16

өсімдік шаруашалығы

 

15 жыл

Черноярка ауылдық округі

10

1001

Жалпы ауданы 411 га, соның ішінде жайылым 29,7 га, түбегейлі жақсартылған жайылым 381 га, өзге алқаптар 0,3 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Кеңес ауылдық округі

 

11

1004

Жалпы ауданы 761,79 га, соның ішінде егістік 761 га, өзге алқаптар 0,79 га

қоңыр топырақ

12

өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Шақат ауылдық округі

12

1005

Жалпы ауданы 701,5 га, соның ішінде егістік 700 га, өзге алқаптар 1,5 га

қоңыр топырақ

12

өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Шақат ауылдық округі

Барлығы: жалпы ауданы 4174,95 га, соның ішінде егістік 2023,1 га, жайылым 529,7 га, түбегейлі жақсартылған жайылым 1288,16 га, шабындық 311,8 га, өзге алқаптар 22,19 га

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қатысушы конкурстық өтінімді мөрлейді, онда: өзінің атауы мен мекенжайын; конкурсты ұйымдастырушының және оның мекенжайын көрсетеді «Шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс» және (ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2021 жылғы «19» сәуірдегі сағат 15-00 ге  ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері ұйымдастырушыға Павлодар қаласы, Жеңіс Аланы көш. 17, 326 каб., пошта индексі – 140000 мекенжайына, қабылдау мерзімінде 2021 жылдың  29 наурыздан 2021 жылғы 16 сәуірге дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға өтінімде әрбір лот бойынша (бірнеше лотқа өтінім берілген жағдайда) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы мәліметтерді нақты ажырату қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің өтініміңіз осы өлшем бойынша қаралмайды.

 

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы