Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылдың 7 сәуірінде сағат 10.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Казыбек би 60 А мекенжайы бойынша орналасқан «Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2021 жылдың 15 наурызынан бастап 2021 жылдың 6 сәуірі сағат 17.00 - ге дейін, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитет) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері) |
Су қамтамасыз ету |
Аймақтың шаруашылығымамандандыру |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Талшынды, жайылым-249,586 га, оның ішінде ТЖ жайылым-105,23 га, жол астында-1,12 га, су астында 0,0782 га. Балл бонитеті – 9 |
250,7842 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
2 |
Талшынды, жайылым – 265,269, оның ішінде ТЖ жайылым-113,634 га, жол астында-0,405 га, су астында-0,726 га. Балл бонитеті-16 |
266,4 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
3 |
Талшынды, егістік – 209,81 га, жайылым-222,099 га, оның ішінде ТЖ жайылым-78,84 га, жол астында-0,2144 га, су астында-1,537 га. Балл бонитеті-16. |
433,6604 |
10 |
Тоғызқұдық а/о |
Қамтамасыз етілген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
4 |
Талшынды, жайылым-197,166 га, ТЖ жайылым-187,176 га, жол астында -0,939 га, су астында-0,285 га. Балл бонитет – 19. |
198,39 |
10 |
Тоғызқұдық а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
5 |
Талшынды, жайылым-306,139 га, ТЖ жайылым-306,139 га, жол астында-0,7455 га. Балл бонитеті-23. |
306,8845 |
10 |
Тоғызқұдық а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, жайылым-526,1915 га, ТЖ жайылым-497 га. Балл бонитеті-29. |
526,1915 |
10 |
Тоғызқұдық а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
7 |
Талшынды, жайылым-404,371 га, жол астында-0,412 га, су астында-0,4824 га. Балл бонитеті-20. |
417,4934 |
10 |
Қарақұдық ауылы |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
8 |
Талшынды, жайылым-839,133 га, ТЖ жайылым-661,819 га, жол астында-1,75 га, су астында-1,1194 га. Балл бонитеті-17. |
845,0004 |
10 |
Қарақұдық ауылы |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
Конкурсты ұсыныста:
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс " 2021" жылғы "7" сәуір сағат 10-00 дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8(72154) 53618, 21832, электронды мекенжайы http://www.bukhar-zhirau.kz/,gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru
Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar "конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары" бөлімінде.