Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы Сарысу ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  

 

2021 жылдың 7 сәуірінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы  12 наурыздан бастап 6 сәуірге дейін  жұмыс күндері жүргізіледі.  Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2021 жылдың 7 сәуірінде сағат 10.00-де мына мекен жайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі №1 мекен-жайда орналасқан «Сарысу ауданы әкімі аппараты» ғимаратының мәжіліс залында  өтеді.

 

Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы берілетін жер учаскелерінің тізімі

 

 

Лот № 

Учаскесінің атауы

Жалпы көлемі

соның ішінде

егістігі

оның ішінде

жайылым

Оның ішінде жақсартылған

шабындық

Бөгде жер

суармалы

тәлімді

1

«Байқадам» босалқы жерінен

53,6516

 

 

 

53,6516

 

 

 

2

«Байқадам» босалқы жерінен

9,9418

 

 

 

9,9418

 

 

 

3

«Байқадам» босалқы жерінен

5,7911

5,7911

5,7911

 

 

 

 

 

4

«Байқадам» босалқы жерінен

5,0102

5,0102

5,0102

 

 

 

 

 

5

«Байқадам» босалқы жерінен

3,1625

3,1625

3,1625

 

 

 

 

 

6

«Байқадам» босалқы жерінен

12,30

12,30

 

12,30

 

 

 

 

7

«Байқадам» босалқы жерінен

6,0574

6,0574

 

6,0574

 

 

 

 

8

«Байқадам» босалқы жерінен

2,1132

2,1132

2,1132

 

 

 

 

 

9

«Игілік» босалқы жерінен

4,6611

4,6611

4,6611

 

 

 

 

 

10

«Б.Серікбаев» босалқы жерінен

2,5

2,5

2,5

 

 

 

 

 

11

«Б.Серікбаев» босалқы жерінен

260,0699

 

 

 

260,0699

 

 

 

12

«Б.Серікбаев» босалқы жерінен

153,1015

 

 

 

153,1015

 

 

 

13

«Даулет» босалқы жерінен

18,9318

 

 

 

18,9318

 

 

 

14

«Жаңатас» босалқы жерінен

33,8668

 

 

 

33,8668

 

 

 

15

«Жаңатас» босалқы жерінен

2033,4283

 

 

 

285,4283

 

1748,0

 

16

"Түркістан" босалқы жерінен

15,8296

 

 

 

15,8296

15,8296

 

 

17

«Қамқалы» босалқы жерінен

790,0

 

 

 

535,0

 

255,0

 

18

«Шығанақ» босалқы жерінен

38000,0

 

 

 

38000,0

 

 

 

19

«Сарысу» босалқы жерінен

2190,3387

 

 

 

825,0

 

1365,3387

 

20

«Сарысу» босалқы жерінен

2500,0

 

 

 

155,0

 

2345,0

 

21

«Сарысу» босалқы жерінен

3500,0

 

 

 

815,0

 

2685,0

 

22

«Сарысу» босалқы жерінен

198,0

 

 

 

71,0

 

127,0

 

 

Барлығы

49798,7555

41,5955

23,2381

18,3574

41231,8213

15,8296

8525,3387

 

 

«Қазақстан Республикасы «Жер кодексінің» жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Заңының қолдангысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы  30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі -Заң)  нормаларының қолданылу кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға,сондай- ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану(жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.

1. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар   беріледі:

1) Конкурсқа қатысуға арналған  өтінім;

2) Конкурстық ұсыныс;

2.Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда –күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда- он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

3.Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма- қол не пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес «Электрондық үкімет» веб- порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

4.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағында көрсетілген  мәліметтер қамтылуы тиісті.

Конкурстық ұсыныста:

1)Бизнес жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп- өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және  игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №268 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әр тараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес жоспар шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының  ажырамас бөлігі болып табылады.

5.Конкурстық ұсынысты, «электронды үкімет »веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері номерленіп, тігілген  түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін- қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін- бірінші басшының ( немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен ( бар болса) куаландырылады.

6.Өтінімде және конкурстық  ұсыныста  қатысушыға грамматикалық  және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер,өшіруле немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

7.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын , ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану( жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « 2021 жылғы 7 сәуірге дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

8. Жер кодексінің 43-1 бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қонкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

9.Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара  алады.Өзгеріс өтінім сяқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға  дейін алған болса, жарамды болып табылады.

10.Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

11.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурсқа байланысты деректерді Жамбыл  облысы,Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №18 ғимаратында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.Байланыс телефоны 8(726-34) 63139

Дата публикации
12 февраля 2021
Дата обновления
12 февраля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы