АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № ) |
Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Жалпы аудаңы, гаЖалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардың құрамы, оның ішінде |
Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өзге де |
||||
|
Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін |
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін |
Тыңайған |
Жайылым-дық |
Шабын-дық |
Басқа алқаптар |
|
|
|
||||
|
1 |
Қосшы а/о |
200,0 |
|
|
200,0, жалға беру мерзімі 10 жыл |
|
199,5 |
|
0,5 |
16 |
қашық |
|
|
2 |
Мереке а/о (қайталама) |
500,0 |
|
|
500,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
|
463,9 |
28,5 |
7,6 |
11 |
қашық |
|
|
3 |
Мереке а/о |
400,0 |
|
|
400,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
230,0 |
169,2 |
|
0,8 |
11 |
қашық |
|
|
4 |
Тасқала а/о |
200,0 |
|
|
200,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
200,0 |
|
|
|
27 |
қашық |
|
|
5 |
Шежін а/о |
3000,0 |
|
|
3000,0га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
0 |
2457,0 |
531,0 |
12,0 |
25 |
қашық |
|
ЕСКЕРТПЕ
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауылшаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауылшаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауылшаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2021 жылдың 8 ақпанынан 26 ақпанына дейін сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурс 2021 жылдың 1 наурызы сағат 15.00 өткізіледі.
Толық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Жуков көшесі 3, каб 115, «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 87113940047, 22525 алуға болады.