ХАБАРЛАМА!
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша 10 жыл мерзімге қайта конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нурмағамбетов көшесі, 81 мекен-жайы бойынша, 2020 жылғы 5 қаңтардан бастап 2020 жылғы 19 қаңтарға қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 20 қаңтарда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нурмағамбетов көшесі, 94 мекен-жайы бойынша шығарылады.
|
Лот № |
Жеру часкесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің берілу мақсаты |
Алқаптардың құрамы |
Алаңы (га) |
Бонитет балы |
Топырақ сипаттамасының сапасы |
Сумен қамтамасызетілуі |
Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы |
|
1 |
Қарасай а/о |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Жайылым т.ж. |
100,0 |
Оңтүстік черноземалар |
Сусыз |
Мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы |
|
|
Жиыны |
100,0 |
14,0 |
||||||
|
2 |
Қарасай а/о |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Егістік |
78,0 |
Оңтүстік черноземалар |
Сусыз |
Мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы |
|
|
Табиғи жайылым |
7,8 |
|||||||
|
Жайылым т.ж. |
158,0 |
|||||||
|
Жиыны |
243,8 |
13,4 |
||||||
|
5 |
Еңбек а/о |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Егістік |
90,0 |
Оңтүстік черноземалар |
Сусыз |
Мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы |
|
|
Табиғи жайылым |
57,4 |
|||||||
|
Жайылым т.ж. |
85,0 |
|||||||
|
Жиыны |
232,4 |
18,0 |
||||||
|
6 |
Новорыбин а/о |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Егістік |
85,0 |
Оңтүстік черноземалар |
Сусыз |
Мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы |
|
|
Жиыны |
85,0 |
29,2 |
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Ақкөл ауданы әкімдігінің http://akkol.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында, Ақкөл ауданының мерзімді баспа шығарылдарда немесе «Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 871638 2-06-68 телефон нөмірі бойынша алуға болады.