Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Хабарлама

 

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 10 жыл мерзімге беру жөнінде конкурс (бұдан әрі-Конкурс) өткізеді.

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі осы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 19 қазандан9 қарашада дейін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 16А мекен-жайы бойынша Шортанды ауданының «Жер қатынастары және ауыл шарашылығы бөлімі» ММ жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Күні 2026 жылғы 10 қараша сағат 11-00-де Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті Абылай хан көшесі 20 (аудан әкімдігінің әкімшілік ғимараты) мекенжайы бойынша.

 

№ лот

 

Жеручаскесініңорналасқанжері

 

Жеручаскесініңнысаналымақсаты

 

Ауданы, гектар

 

Алқаптардыңқұрамы

 

Топырақтыңсапалықсипаттамасы

 

Бонитетбалы

 

Суменқамтамасызетілуі

 

Ауданныңауылшаруашылығынамамандануы

егістік

жайылым

1.

Бозайғыр ауылдық округі

Шаруанемесефермерқожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшін

763,0

 

763,0

Қаратопырақ

38

суланбаған

малшаруашылығы

2.

Бозайғыр ауылдық округі

Шаруанемесефермерқожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшін

242,0

 

242,0

Қаратопырақ

38

суланбаған

малшаруашылығы

3

Бозайғыр ауылдық округі

Шаруанемесефермерқожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшін

280,0

 

280,0

Қаратопырақ

38

суланбаған

малшаруашылығы

4.

Новоселовка ауылдық округі

Шаруанемесефермерқожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшін

108,0

 

108,0

Қаратопырақ

38

суланбаған

малшаруашылығы

                       

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасында тіркелген) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі. (мемлекеттік тізілімде № 18048 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуы тиіс.

Жер учаскесін аквашаруашылық жүргізу үшін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

          Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің Интернет-ресурстарынан және Шортанды ауданының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 8 (7163135137; 35141) телефоны бойынша алуға болады

 

 

Дата публикации
22 сентября 2026
Дата обновления
22 сентября 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы