Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі

жер пайдалану (жалдау) құқығын беру үшін конкурс жарияланады

 

Жер учаскелерінің тізбесі

 

Лот №

Есеп кварталы,

жер телімінің орналасқан орны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жалдау  мерзімі

Ауыл шаруашылығы мамандануы

Бекітілген көлемі (га)

 

Ауыл шаруашылық алқап түрлері

оның ішінде (га)

Топырақтың сапалы сипаттамасы

Балл-бонитет

егістік

жайылым

шабындық

басқа  жерлер

1

05-334-026 есеп кварталы

Мариногорка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5,1 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

 

23,6

23,6

 

 

 

 

68

2

05-334-042 есеп кварталы Мариногорка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 11,5 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

 

33,06

33,06

 

 

 

 

55

3

05-334-042 есеп кварталы Жұмба ауылынан шығысқа қарай 2,5 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

28,1

28,1

 

 

 

 

59

4

05-334-044 есеп кварталы Мариногорка ауылынан батысқа қарай 5,0 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

48,79

28,2

16,3

3,84

0,45

 

40

5

05-334-044 есеп кварталы Мариногорка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,0 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

10,24

10,24

 

 

 

 

36

6

05-334-044 есеп кварталы Мариногорка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,2 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

24,16

23,16

1,0

 

 

 

21

7

05-334-051 есеп кварталы Самар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6,4 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Егін шаруашылығы

 

45,89

45,89

 

 

 

 

8

05-334-042 есеп кварталы Жұмба ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3,8 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 жыл

Ара шаруашылығы

3,0

 

 

 

3,0

58

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде жүзеге асады.

Конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

Конкурстық өтiнiмдер конкурсты ұйымдастырушыға соңғы қабылдау мерзiмiне дейiн қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы 2026 жылдың
14 қыркүйек және 02 қазан
аралығында  табыс етiлуi тиіс.

Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер 2026 жылдың 05 қазанында сағат 09:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында ашылады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз).

 

Конкурсты  ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Конкурстық құжаттаманың ережелерімен конкурсты ұйымдастырушының төмендегі мекен-жайына келіп, танысуларыңызға болады:

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 56 үй.

Тел: 8-(72-348)-2-11-45                                                 

 

Дата публикации
01 сентября 2026
Дата обновления
01 сентября 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы