Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

 

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

               Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы  20 желтоқсандағы N518 бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігі 2026 жылғы 7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 61 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің акт залында  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

№ лот

Орналасқан жері

Жер көлемі,

гектар

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы

топырақтың сапалық сипаттамасы: қою-қоңыр, бонитет балы

1

2

3

4

5

6

1

Ақоба ауылдық округіндегі «Максот» ШҚ,  «Жасқанат» ШҚ және «Елдар» ШҚ жер учаскелерімен шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 18

2

Ақоба ауылдық округіндегі  «Асма» ШҚ шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 18

 

3

Ақоба ауылдық округіндегі  «Нұрлыбек» ШҚ шекаралас орналасқан

70

10

жайылым

балл бонитет 18

4

Борсы ауылдық округіндегі «Қапар» ШҚ, «Абусалық» ШҚ және Қамысты ауылдық округінің «Асылбек» ШҚ-ның жер учаскесімен шекаралас орналасқан

250

10

жайылым

балл бонитет 18

5

Борсы ауылдық округіндегі «Габдрахим» ШҚ, «Хамен» ШҚ және «Мұнара» ШҚ-ның жер учаскесімен шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 18

6

Күйгенкөл ауылдық округіндегі «Саясат» ШҚ және  «Шакун» ШҚ-ның жер учаскесімен шекаралас орналасқан

400

10

жайылым

балл бонитет 21

7

Қамысты ауылдық округіндегі «Жеңіс» ШҚ және «Алмат» ШҚ-ның жер учаскесімен шекаралас орналасқан

50

10

жайылым

балл бонитет 22

8

Қамысты ауылдық округіндегі «Наздана» ШҚ және «Димаш» ШҚ-ның жер  учаскесімен шекаралас орналасқан

300

10

жайылым

балл бонитет 22

9

Қамысты ауылының солтүстік бағытында «Қайырқасым» ШҚ-ның жер  учаскесімен шекаралас орналасқан

300

10

жайылым

балл бонитет 22

10

Ұзынкөл ауылдық округіндегі «Үміт» ШҚ және «Отан» ШҚ-ның жер учаскесімен шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 22

11

Талов ауылдық округіндегі «Коняев» ШҚ-ның солтүстік бағытында орналасқан

400

10

жайылым

балл бонитет 22

 

Барлығы:

3770

 

 

 

               Жоғарыдағы барлық учаскелер сумен қамтамасыз етілмеген. Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы: мал шаруашылығы.

                    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 2026 жылдың 17 тамыз және 4 қыркүйек аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 18.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы  № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

 Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

 тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2) Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру

алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Ескерту: Бұйрықтың 23-тармағына сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында (zhanibek-bko.gov.kz)  «Жер қатынастары» бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады. Сілтеме:(https://map.e-batys.kz)

 

Дата публикации
07 августа 2026
Дата обновления
07 августа 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
19 октября 2026
Түркістан облысы Шардары ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы