Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2026 жылғы 15 маусымда сағат 11.00-де Алматы қаласы, Манас көшесі, 42/56, 2 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша «АШАІМИ» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысу жөніндегі ұсыныстар 2026 жылғы 15 маусымға дейін anticor@gishagi.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.