АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)
2026 жылғы «16» маусым сағат «10:00»-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі жер комиссиясының отырысы өткізіледі (Бұдан әрі- Конкурс). Конкурс мына мекенжайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
Лот тың № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (бонитет балы, жалпы алаңы, алқаптардың құрамы) |
Жалдау мерзімі жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
|
|
1 |
Бонитет балы 12,3. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 118,6339 га, соның ішінде 117,5339 га жайылым,1,1 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Александровка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
2 |
Бонитет балы 10,2. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 80,6554 га, соның ішінде 80,0 га жайылым, 0,6554 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Александровка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
3 |
Бонитет балы 11,4. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 100,1599 га, соның ішінде 99,7099 га, жайылым. 0,45 га басқа жерлер |
15 жыл |
Александровка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
4 |
Бонитет балы 13. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 463,4109 га, соның ішінде 461,5109 га т.ж. жыйылым, 1,9 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Александровка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
5 |
Бонитет балы 11,3. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 114,0089 га, соның ішінде 113,2089 га жайылым, 0,8 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Галкино ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
6 |
Бонитет балы 10,7. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 250,0 га, соның ішінде 44,0 га жайылым, 205,4 га т.ж. жыйылым, 0,6 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Галкино ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
7 |
Бонитет балы 12,9. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 150,9 га, соның ішінде 150,5 га жайылым, 0,4 га жолдар |
15 жыл |
Жылы-Бұлақ ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
8 |
Бонитет балы 10. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 50,3662 га, соның ішінде 50,0 га жайылым, 0,3662 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Жылы-Бұлақ ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
9 |
Бонитет балы 13,2. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 500,0 га, соның ішінде 500,0 га жайылым. |
15 жыл |
Жылы-Бұлақ ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
10 |
Бонитет балы 11. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 100,4056 га,соның ішінде 100,4056 га т.ж. жайылым |
15 жыл |
Жылы-Бұлақ ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
11 |
Бонитет балы 12,8. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 245,9035 га,соның ішінде 245,0035 га жайылым, 0,9 га басқа жерлер. |
15 жыл |
Сосновка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
12 |
Бонитет балы 12,2. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 51,0502 га,соның ішінде 51,0502 га жайылым. |
15 жыл |
Сосновка ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
13 |
Бонитет балы 13,6. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 212,5219 га,соның ішінде 212,0219 га егістік, 0,5 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Шарбақты ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
14 |
Бонитет балы 12,2. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 154,2207 га,соның ішінде 153,9207 га егістік, 0,3 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Шарбақты ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
15 |
Бонитет балы 12. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 206,1163 га,соның ішінде 205,8163 га егістік, 0,3 га далалық жолдар |
15 жыл |
Шарбақты ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
16 |
Бонитет балы 12,9. Қара қоңыр топырақ. Жалпы алаңы 430,2303 га,соның ішінде 429,6303 га жайылым, 0,6 га далалық жолдар. |
15 жыл |
Шарбақты ауылдық округі |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
жоқ |
|
|
Жалпы алаңы 3228,5837 га, оның ішінде жайылымдар - 2647,9532 га, егістік - 571,7589 га, басқа жерлер – 1,35 га, далалық жолдар – 7,5716, жолдар – 0,4 га |
||||||
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы «25» мамырдан бастап «15» маусымды қоса алғанда жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Өткізілетін Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 баптың 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Бұдан әрі - Өтінім) қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына (Бұдан әрі - Шарт) қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, Конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, Конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде жазба көрсетіледі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы «16» маусымға дейін ашуға болмайды» деген жазба көрсетіледі.
Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін қатысушы өзі енгізген конкурстық өтінімді өзгерте немесе қайтара алады. Өзгерістер конкурстық өтінімнің әзірленуі сияқты, жабылуға және табыс етілуге тиіс. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы ескерту, егер оны ауданның ЖАО конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады. Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынғаннан конкурстық өтінімдерге ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды.
Конкурстың қорытындылары Қонкурсқа қатысуға Өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.
Конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шартына қол қою үшін Шарбақты ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келуге міндетті. Шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазы бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
Конкурс бойынша толық ақпаратты «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға болады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57 «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады, тел. 8-718-36-2-16-51.