Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамыр мен 23 маусым аралығында Комитет қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізуді жоспарлайды.
Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.