Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай-депаратмент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдан 23 маусым аралығында Департамент қызметіндегі келесі бағыттарда бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай– Ішкі талдау) жүргізілетінін хабарлайды:
Ішкі талдаудың қамтитын кезеңі - 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.