Қарағанды облысы Жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департаменттің қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:
1)талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 1 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.